Қазақстан туристер үшін қызық үздік бес елдің қатарына кірді
Қазақстан туристер үшін ең тартымды маршруттар тізіміне енді. Еліміз үздік бестікке енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Рейтингті британдық Wanderlust Travel Magazine туристік журналының сарапшылары құрастырған.
Өзбекстан ең қызық дамушы бағыт деп танылды. Албания екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Катар жапты. Төртінші орында – Әзірбайжан. Ал Қазақстан бесінші орынға кірді.
Шетелдіктер біздің елден кейін Гренландия мен Арменияға барғысы келеді. Ең қызық маршруттардың ондығына Никарагуа, Молдова және Панама кіреді. Үздіктер оқырмандардың онлайн дауыс беруі арқылы анықталды. Оған әлемнің әр түкпірінен келген тұрғындар қатысты.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан туристік сапарлар үшін ең арзан елдердің қатарына кірген еді.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”