Қазақстан төлқұжаты қаншалықты мықты екені белгілі болды
Қазақстан ұлттық төлқұжаттың "мықтылығы" бойынша мемлекеттер рейтингінде 53-орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейтингте барлығы 97 позиция бар. Қазақстан “Ұлттық төлқұжаттың мықтылығы” деп аталатын мемлекеттер рейтингтерінің тізімінде 53-орында тұр. Еліміз былтыр да Passport Power Index рейтингінде осы орында тұрған болатын.
Қазақстан азаматтары әлемнің 39 еліне визасыз бара алады, тағы 52 мемлекетке қазақстандықтар келгеннен кейін виза алуға өтініш бере алады. Қазақстанстандықтарға 107 елге бару үшін виза қажет болады.
Ұлттық төлқұжаттың күші бойынша Қазақстан Тынық мұхитындағы аралда орналасқан кішкентай Науру мемлекетімен бір қатарда. Ең "мықты" төлқұжат БАӘ-де: Әмірліктер азаматтары әлемнің 125 еліне визасыз бара алады. "Ең әлсізі" Ауғанстанда (визасыз режим бар бес ел ғана).
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"