Қазақстан ТМД-ның мемлекетаралық валюта комитеті туралы келісімінен шықты
Қазақстанда ТМД елдерінің мемлекетаралық валюталық комитетін құру келісімнен шықты. Құжатқа тоғыз жыл бұрын қол қойылған. Президент Тоқаевтың тиісті жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап күшіне енді.
Комитет валюталық-төлемдік және кредиттік қатынастар саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдесу, көпжақты есеп айырысу және кредиттік қатынастарға қатысты валюталық заңнаманы жетілдіру, ТМД-ға мүше мемлекеттердің төлем одағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің ақша-кредит және валюта саясатын үйлестіру нысандары мен әдістерін дамыту, сондай-ақ келісілген міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған