Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды
Қазақстан әлемдік бақытты мемлекеттер тізімінде 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз 5 сатыға жоғарылап, ТМД елдерінің барлығын басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі World Happiness Report сайтына сілтеме жасап.

Рейтинг 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесін көрсетеді. Сауалнамаға әлем бойынша 9 миллион адам қатысқан.
Бесінші жыл қатарынан Финляндия ең бақытты мемлекет атанды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль мен Жаңа Зеландия енді.
АҚШ 16-орынға тұрақтаса, 17-орында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы 24 және 25-орындарды иеленді.
Қазақстан тізімде 5 сатыға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озды. Өзбекстан 53-орынға, Молдова Республикасы 62-орынға, Қырғызстан 64-орынға, Беларусь 65-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орын, Тәжікстан 83 және Әзірбайжан 92-орынға тұрақтады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады