Қазақстан Тәжікстанда өзінің жоғарғы оқу орындарын ашады
Тәжікстан астанасындағы Ұлт сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тәжікстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің басшылары саяси, дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.
"Қазақстан мен Тәжікстан тәжік студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытуға квоталар санын көбейту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, Тәжікстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарын ашу жоспарланып отыр", - деп жазады Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Тәжікстан басшысы Қазақстанға коронавируспен күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады