Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды - СІМ

Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тайвань 2022

"Қазақстан Республикасы "бір Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды", - дейді Смадияров.

Ол сонымен қатар Қазақстанның халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын сақтауды жақтайтынын, атап айтқанда бұл мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарары басымдыққа алынатынын атап өтті.



"Шет мемлекеттердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары ҚХР үкіметімен келісу керек деп есептеймін", - деп қосты министрлік өкілі.

Еске салайық, бұған дейін 2 тамызда АҚШ билігіндегі үшінші адам саналатын Конгресс Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми Бейжіңнің наразылығына қарамастан барған еді. Пелосидің бұл әрекеті аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтіп жіберді әрі Қытай мен АҚШ-тың арасына сызат салды.

Талқылау