Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салық төлеуден жалтарғысы келген": Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жасырын өткізілмек болған тауарлар анықталды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында салық төлеуден жалтару мақсатында тауарларды жасырын әкелмек болғандар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұндай қауіп фактілері анықтала бастаған.

"Салық төлеуден жалтару мақсатында сыйымды тауарларды әкелуді әдейі жасыру тәуекелдері бар. Осы факті бойынша Мемлекеттік кіріс органдары салық заңнамасында көзделген шараларды қабылдайтын болады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кіріс органдары мен шекара қызметі осыған орай бірлескен шаралар қабылдайтынын жеткізді.



1 тамызда Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінде 65 мың қорап Oris темекісі анықталды. Ал қорапта акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары болмаған. Бұл көлік Қырғызстаннан Қазақстанға бара жатқан. Және құжат бойынша темір бөлшектерді тасымалдап бара жатқаны көрсетілген. Алайда ішінде киім, зергерлік бұйымдар, косметика және басқа да 15 тоннадан астам тұтыну тауарлары болған.

Талқылау