"Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды: Қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды
"Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды қаласы әкімдігі қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады.
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
"17 тамызда Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт болып, салдарынан 5 әріптесіміздің қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның сайтында.
"Қазақстан" шахтасындағы оқиға 17 тамыз күні таңертең болған. Өрт конвейер лентасынан шыққан. Өрт кезінде беттерде 227 адам болған. Кейін 222 адам жер бетіне шығарылды.
Еске салсақ бұған дейін төртінші кеншінің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, "Қазақстан" шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.