"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты шахтадан төртінші кеншінің мәйіті табылды
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы "Казахстанская" шахтасында жоғалып кеткен төртінші кеншінің денесі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайтыс болған төртінші кенші 29 жастағы Халиков Артур Ринатұлы төртінші санатты электромонтер болып қызмет атқарған. Еңбек өтілі 10 жыл.
“Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз кеткен азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.
"Казахстанская" шахтасындағы оқиға 17 тамыз күні таңертең болған. Өрт конвейер лентасынан шыққан. Өрт кезінде беттерде 227 адам болған. Кейін 222 адам жер бетіне шығарылды.
Еске салсақ бұған дейін үшінші кеншінің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады