Қазақстан азаматтық және әскери мақсатта да қолданылатын дрондарды Ресейге жеткізу көлемін арттырған
Қытайлық DJI өндірушісінің квадрокоптерлерінің жеке жеткізушілері Түмен облысы арқылы Қазақстаннан Ресейге ұшқышсыз ұшу аппараттарды көбірек жеткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
DJI Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресей нарығынан кетіп қалған, сондықтан дрондар қазір Қазақстан арқылы сатылып жатыр.
Қазақстаннан Түмен облысына DJI дрондарын жеткізу көлемі айтарлықтай өсті. Оның үстіне олардың басым бөлігі азаматтық және әскери мақсаттағы ұшуға жарамды қос мақсаттағы үздік модельдер екен.
Жеткізу көлемі артқандықтан, Түмен облысындағы DJI дрондарының құны төмендеп кеткен.
Жеткізу көлемінің артуы құрылғылардың құнына оң әсер етті. Енді олардың құны қаңтардағы бағаға қарағанда шамамен 5% төмен. Ол электроника дүкендерінің желісі емес, жабдықты интернет-дүкендер арқылы сататындарға қатысты.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді