Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцинаны тасымалдайтын болды: Екі ел арасында келісімшартқа қол қойылды

Қазақстан Республикасы үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Іссапар барысында ресейлік вакцинаны Қазақстанға тасымалдау туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

министрлер

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті екпені Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және вакцина барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

Бұған қоса сапар аясында сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті, оның барысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, нәтижелері бойынша ведомстволар арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр