Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездесті
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы 25 сәуірде, Қазақстан футболы күніне орай футбол басшысы елімізге арнайы ресми іс-сапармен келді.
Кездесу барысында елдегі футболды дамыту мәселелері, соның ішінде Қазақстанда ірі еуропалық турнир өткізу мүмкіндігі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Чефериннің Қазақстандағы спортты дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оған II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті. Бұл сапар – УЕФА басшысының Орталық Азияға жасаған алғашқы ресми сапары болды.
Бұған дейін, 2025 жылғы ақпанда Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде Александр Чеферинмен кездесіп, Қазақстанда халықаралық турнирлер өткізу мүмкіндігін талқылаған болатын.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды

