Қазақстан президенті әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды
Мұрат Нұртілеу ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалсын”, – делінген бұйрықта.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұған дейін президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарған болатын.
Жақында ғана Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі