Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген бұйрықта.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарын Самат Әбіш атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі Ерлан Қарин тағайындалды.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті