Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметін тарату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақордада жарияланған ақпаратқа сүйенсек, премьер-министрдің міндетін атқарушы болып Әлихан Смайылов тағайындалды.
“Қазақстан Республикасының үкіметі туралы 2022 жылғы 05 қаңтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы үкіметінің мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президенттің жарлығында.
Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан