Қазақстан полициясы күшейтілген режимде қызмет істеуге көшті
Қазақстан полициясы мереке күндері күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігі мәлім еткендей, мереке күндері – 6-9 мамырда полиция қызметкерлері құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне ауысады.
“Республика бойынша 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары қызмет етіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл қазақстандықтар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 7, 8 және 9 мамырда демалады. 10 мамыр жұмыс күні, 11-12 мамыр қазақстандықтар демалады.
Бұған дейін 8 мамыр демалыс күні болып бекітілген еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар