Қазақстан Pfizer вакцинасының қосымша дозасын сатып алмақ
Қазақстан ревакцинация үшін Pfizer вакцинасын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол халықтың барлық тобы вакцинация курсынан кейін алты айдан соң ревакцинация жасайтынын айтты. Айтуынша, бірінші жартыжылдықта 8 миллионға жуық адам қайта вакциналауға жатады.
"Қазір халықтың барлық тобын ревакцинациялау Sinopharm және QazVac вакциналарымен жүргізіліп жатыр. 60 жастан асқан егде адамдар, жүкті әйелдер, жас аналар, медицина қызметкерлері үшін Pfizer қолданылуда. Министрлік ревакцинация үшін QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр", – деді Ғиният үкімет отырысында.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 20 есе өсті – денсаулық сақтау министрі
Сондай-ақ қаңтар айының соңына дейін "Спутник Лайт" вакцинасының 150 000 дозасы жеткізіледі.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген