AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %
AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы килограммына 500 теңгеге қымбаттап кеткен

Картоптың күрт қымбаттауы бірден Қазақстанның бірнеше өңірінде наразылық тудырды. Елдің солтүстігінде бір килограмм үшін баға 500 теңгеге дейін көтерілді. Картоп күн сайын қымбаттап жатыр, тапшылық  сезіледі. Қазірдің өзінде адамдар көкөністерді қол жетімді бағамен сатып алу үшін бірнеше сағат кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстандағы картоптың бағасы кенеттен көтеріліп, күн сайын қымбаттауда. Бір килограмм көкөніс үшін төрт жүз теңгеден артық сұрайды. Петропавлдықтар баға белгісіне қарап, өз көздеріне сенбей жүр. Картоп аймақта көп өсірілетін және ол ең қол жетімді өнім болған. Қазір баға тұрақтандыру қорының сату нүктелерінде ғана бірқалыпта тұр. Мұнда картоп 100 теңгеден сатылады, бірақ дүкенге кезек көп. Бір адамға тек 3 килограмм сатады.

Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы еркін сауда жабайы нарыққа айналды дейді. Ешкім бағаны бақылай алмайды. Тапшылықты алдын-ала болжау және алдын-алуда қолдан келер емес. Ал сатушылар осы сәтті пайдаланып, бағаны одан да арттырады.

“Картоп таусылды. Ол қайда жоғалып кетті? Новоникольскіде әрдайым картоп болатын, қазір ол жоқ. Делдалдар өте көп, картоп Петропавлға жетеді, онда 10 менеджер, жеткізушілер бар. Олар тікелей алған кезде – бір баға, мұнда келген кезде басқа баға”, –деді тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубовая.

“Кәсіпкерлік басқармасында проблема туралы біледі, бірақ олар шекті құнды белгілей алмайды және жағдайды бақылауға ала алмайды. Баға маусымға сай өседі, ал рұқсат етілген бағалардың шектері келісудің барлық бюрократиялық кезеңдерінен өтіп жатқанда, жаңа егін піседі. Бағалар өздігінен төмендейді” – деп түсіндірді ведомствода.

“Тұрақтандыру қорында картоп бар, бірақ ол өте аз. Біз картопты тікелей оңтүстіктен делдалдарсыз және бағаны көтерместен қосымша сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл маусымдық өсім, біз жаңа егінді күтеміз, содан кейін мәселе шешіледі”, –деді кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Фархат Ибарев.

Бұл ретте көптеген фермерлер жағдайды өткен жылы болжауға болатын еді деп санайды. Себебі құрғақ жаздың салдарынан картоп өнімі болмаған.

Көкөністер бағасының күрт өсуі ақтөбеліктерді де ашуландырды. Картоптың бір килограмының құны 300 теңгеден асып кетті, қызылша мен сәбіз бір килограмға 400 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай жағдай қаланың барлық сауда орындарында байқалады. Мысалы, коммуналдық нарықта картоп бағасы 300-350 теңге аралығында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр