Қазақстан өкілі ҰҚШҰ Тұрақты кеңесін басқарды
Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) жанындағы тұрақты өкіл Марат Сыздықов ұйымның тұрақты кеңесін басқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің 2024 жылғы бірінші отырысы басталды.
"Ұйым төрағалығының Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына ауысуына байланысты төрағалық етуді Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Зеникенұлы Сыздықов алды", - делінген хабарламада.
Сыздықов 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі, оған дейін 2019 жылдың наурыз айынан бастап Сыртқы істер вице-министрі болды. Одан бұрын, 2014 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің министр-кеңесшісі қызметін атқарған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар