Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартады
Ерікті қысқарту 2023 жылдың 4 маусымында ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісілген өндіріс көлемінде жүзеге асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан сәуір айында ерікті қысқарту жариялаған ОПЕК+ елдерімен келісім бойынша, алдын алу шарасы ретінде 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін 78 мың б/т ерікті қысқартуды ұзартады.
Бұған дейін ведомство Қазақстан мұнай өндіруді ОПЕК+ басқа елдерімен бірге 2023 жылдың мамырында тәулігіне 78 мың баррельге ерікті түрде қысқартатынын мәлімдеген еді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда