Қазақстан мұнай көлемін нормадан асыра өндіргені үшін өтемақы төлейтінін мәлімдеді
Қазақстан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін 1-жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды.
“ОПЕК+ министрлік 37-кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"