Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустар қайта іске қосылды
16 наурыздан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус қатынасы қайта жанданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Өзбекстанның көлік министрлігі мәлімдеді.
Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады: Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент –Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Іргелі, Шыршық – Шымкент және Шыршық – Алматы.
Ведомство қазіргі кезде Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресей мен Қырғызстанға транзиттік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша келіссөз жүріп жатқанын мәлім етті.
Еске сала кетейік, екі ел арасындағы халықаралық автобус қатынасы тура екі жыл бұрын, 2020 жылдың 16 наурызында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған еді.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар