Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы рейстердің қайта басталуы 1 шілдеден кейін қаралады
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы рейстерді қалпына келтіру мәселесі 1 шілдеден кейін қаралады. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінде хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әзірбайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әзірбайжан тарабы халықаралық рейстерге тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты. Осыған байланысты Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тікелей рейстерді қалпына келтіру осы күннен кейін қаралады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев алғашқы кезеңде олар Қытаймен, Оңтүстік Кореямен және Әзірбайжанмен халықаралық рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Екінші кезеңде - Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия.
Пәтерақысын төлеуге көмек сұраған ақтаулық қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді
Заңгердің сөзінше, ер адам болған жағдайды видеоға түсірген
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі