Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептеріне жаңа пән енгізу ұсынылды

Қазақ мектептерінде жаңа пән пайда болуы мүмкін. Мұндай ұсынысты мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев премьер-министрдің атына жолдаған сауалында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты елдегі су тасқыны мен экологиялық мәселелерге қатысты сауал тастады. Депутат суды ұстап тұратын жасанды материалдан жасалған бөгеттердің қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратынына баса назар аударды.

“Енді су тартылды, егер біз бұл кенеп қапшықтарды тастап, олардың барлығын жинамасақ, экологиялық апатқа тап боламыз. Сондай-ақ жыралардан шыққан су қоқыстарды, қалдықтарды, жануарлар мен құстардың өлекселерін шайып кеткен. Терезені ашып темекі лақтырамыз, түкіреміз, стадионға немесе кинотеатрға барсақ та, ішіп-жегеніміз сонда қалады. Ойымызды өзгерту керек. Біз тазалықты жалпы құндылық ретінде, қажет болса, тәртіп ретінде де дәріптеуіміз керек”, – деді Мақсат Толықбай.



Депутат мәселе дер кезінде шешімін таппаған жағдайда індет тарауы мүмкін екенін де айтты. Ол қоғамдық орындар мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау, өсімдіктерді күтіп-баптау арнайы қызметкерлердің ғана емес, барлық азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Мақсат Толықбай Қазақстан мектептеріне экология бойынша жеке пән енгізуді ұсынды.

“Білім министрлігі мектеп оқушылары арасында "Экологиялық сана" атты тәрбие сағаттарын өткізуді бастауы керек”, – дейді депутат.

Бұған дейін министрлік Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау іс-шарасы өтетінін мәлімдеген еді. 

Талқылау