Қазақстан мектептеріне "вакцина шашады" деген ақпарат тарады
Желіде қазақстандық мектептерде "вакцина шашады” деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ақпаратта осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейетіні айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орын дайын екені туралы аудио-хабарлама тарап жатыр. Автордың айтуынша, мектептерде "вакцина шашылғаннан" кейін, балалар жататын төсек-орын қажет болады. Балалар жаппай ауырып, өле бастайтыны айтылады.
Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
"Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орын дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде, керісінше, сырқаттанушылық төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылып жатыр. Сондай-ақ бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ", – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі