Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде емтихандар Құрбан айтқа байланысты кейінге шегеріледі

"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрықта Қазақстанда мектеп оқушыларының қорытынды аттестация мерзімдеріне өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: proregion24.by

Министрлік бұл өзгерістердің 6 маусымда Құрбан айттың бірінші күнімен сәйкес келуіне байланысты енгізілетінін түсіндірді. Аталған күн Қазақстанда ресми демалыс болып саналады.

"Өзгерістер оқушылардың кеңес алуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға жүгіну мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі", – делінген бұйрықтың түсіндірме жазбасында.

Мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестацияның жалпы мерзімі бір күнге ұзартылмақ. Сонымен қатар кейбір емтихандар бұрын белгіленген күннен бір күн кейін өтеді. Құжат білім мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске "Атамекен" ҰКП-ға және басқа да ұйымдарға қарастыруға жіберіледі. Бұйрықтың жобасы 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.



Еске салайық, бұған дейін биыл Ораза 1 наурызда басталып, 29 күнге созылады. Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түн – Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт.

Талқылау