Қазақстанда пітір садақаның биылғы мөлшері бекітілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір садақа мөлшері мен Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Басқарма мәліметінше, 2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Бұл айда мұсылмандар садақаның ең аз мөлшері пітір садақаны тапсыруы керек.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен отырыста пітір садақа 655 теңге болып бекітілді. Ол еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде қойылды.
- Рамазан айы 1 наурызда басталады.
- Қадір түні – 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні болады.
- Ораза айт – 30 наурыз.
- Құрбан айт – 6 маусымнан басталады.
Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар отбасының әр мүшесіне берілетін міндетті пітір садақаны беруі керек.
Еске салсақ, бұған дейін 2025 жылға арналған Ораза кестесі жарияланған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
