Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылардың күзгі және көктемгі каникул уақыты қысқартылады

ҚР Білім және ғылым министрлігі ашық құқықтық нормативтер порталында 2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының каникулының шарттары көрсетілген бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мектеп

“Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021- 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын”, – делінген құжатта. 

- 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;

- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.



Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда:

  • күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында),
  • қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),
  • көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда:

қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Еске салсақ, өткен оқу жылында мектеп оқушылары күзде 10 күнге, қыста 11 күнге, көктемде 12 күнге демалысқа шығатын. Алдағы оқу жылында демалыс бірнеше күнге қысқартылады. 

Талқылау