Қазақстан құрамасының екі жүзгіші олимпиада жолдамасына ие болды
Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының спортшылары Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық жүзгіштер Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова төртжылдық додасы саналатын олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды. Құрамамыздың көшбасшысы Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй және еркін әдіспен жүзуден бақ сынаса, Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден өз күшін сынап көреді. Осылайша отандастарымыз жүзу спортынан Қазақстан құрамасының қоржынына Париж олимпиадасының алғашқы жолдамасын салды.
Париж олимпиадасы: Сәкен Бибосынов Токиодағы олқылықтың орнын толтыра ала ма
Қазақстан құрамасы қай спорт түрлерінен олимпиадаға көп жолдама иеленді
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылардың олимпиада ойындарына жаңадан енген спорт түрінен лицензия жеңіп алғанын жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

