Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарына алғаш енген спорт түрінен лицензия жеңіп алды
Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген брейкингтен жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Қазақстандық Амир Закиров олимпиада ойындарына алғаш рет енген брейкингтен лицензияға ие болып, осы спорт түрінен бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды. Будапештте өткен іріктеу турнирдің нәтижесі бойынша отандасымыз финалға дейін жетіп, Париждегі дүрмекте өнер көрсету құқығына ие болды. Шанхайдағы мен Будапештегі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинап, жалпы есепте алтыншы орынға жайғасқан.
Айта кетейік, брейкинг, яғни брэйк-данс олимпиада бағдарламасына алғаш рет еніп отыр. Ал Амир аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы атанып отыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

