Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды
Таиландта өткен Азия чемпионатында велоспорттан Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық құрама қатарында Ринат Сұлтанов, Игорь Чжань, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанов мен Марина Кузьмина сайысқа қатысты.
"Районгта (Таиланд) тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан командасы финалда алғашқы медаль жеңді. Біздің спортшылар алтын иеленді. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста мәреге бірінші болып жеткен", - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Астана" құрамасының велошабандозы Марк Кавендиш "Джиро д’Италияның" шешуші кезеңінде жеңіске жеткен.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді

