Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан коронавирусқа қарсы отандық вакцинаға үміт артады

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналарды шығаратын халықаралық өндірушілермен келіссөздер жүргізуде, бірақ басты назар отандық препаратқа аударылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

"Біз ешқандай нұсқаны жоққа шығармаймыз, сондықтан қазір Covax Facility бойынша келіссөздер жүргізілуде. Барлығы клиникалық сынақтарға байланысты болады. Біз қазір өз өндірісімізге баса назар аударудамыз", - деді үкіметте өткен брифингте Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ресми түрде қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтарға жіберілгендердің тізіміне енгізгенін еске салды.

QazCovid-in вакцинасын Қазақстан білім министрлігі ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген.

Қазақстанда барлығы екі вакцина жасалды.

"Қазір вакцинаның екі түрі бойынша нақты мүмкіндік бар. Бұл бағытқа білім министрлігі жетекшілік етеді, үлкен жұмыс жүргізілуде", - деді Тоғжанов.

Ол білім министрі Асхат Аймағамбетовтен отандық вакцина туралы айтуды сұрады.

"Біздің әріптестеріміз де бұл жұмысты жүргізіп жатыр. Қазақстанда науқас пайда болғаннан кейін олар патологиялық материал алды. Наурыз айының соңында жұмыс басталды, 15 мамырда біздің ғалымдар кандидаттық вакцина дайындап, ДДСҰ-ға жіберді, тізімге енгізді", - деді Аймағамбетов.

Ол екі платформада кандидаттық вакциналар дайын екенін, клиникаға дейінгі сынақтар сәтті өткенін атап өтті.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов отандық вакцинаны әзірлеген ғаымдар оны алғаш болып қабылдағанын еске салды.

"Біздің ғалымдар өз еріктерімен вакцина салды. Бір айдан астам уақыт өтті, біз үнемі бақылап отырамыз, олар тестілеуден өтіп жатыр. Біз өзіміздің вакцинаның нәтижелілігі мен тиімділігін көріп отырмыз", - деді Аймағамбетов.

Қазіргі уақытта биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны зерттеуге қатысу үшін еріктілерді қабылдау жүргізілуде.

Талқылау