Қазақстан Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасады
Қазақстанды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасады. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын еске салды.
“Нәтижесінде OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илонк Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын", – деп жазды министр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"