Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, ел халқының саны тұрақты өсуді жалғастыруда. 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша халық саны 19 миллион 944 726 мың адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықтың табиғи өсімі 172 022 адамды, көші-қон сальдосы оң динамика көрсетіп 5 897 адамды құрады.
Қыркүйек айында Астанада халық саны 47 446 адамға, елдің екінші қаласы Алматыда 44 024 адамға өсті.
Айта кету керек, еліміздің басқа да көптеген қалалары мен облыстарында халық саны азайып келеді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық