Қазақстан халқының құқықтық сауаты нөлдік деңгейде - Әділет миннистрі
ҚР әділет министрі Қанат Мусин Алматы қаласының белсенділерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде министрліктің қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын көтеруді қалай жүзеге асыратыны туралы айтты. Министр сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылық деңгейі жай ғана төмен емес, нөлдік деңгейде екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мусин қоғамда пайда болған құқықтық қарама-қайшылық "сіз бен біздің қарым-қатынасымыздың" нәтижесі екенін атап өтті.
"Біз тәжірибе жинауға келген адамды қосымша жұмыс күші ретінде көріп немесе мүлдем көрінбейді деп үйреніп қалдық. Түсіндіру жұмыстарына мән бермейміз. Ақпаратты алуға болатын көздер де тым аз, ал олар ақпарат беретін болса қызық емес академиялық пішінде жазылады ал бұл керісінше болуы керек", - деді министр.
- Министрлік: "Сбермен" әзірге келісім жасалмайды
- Қапшағайға ресми түрде Дінмұхамед Қонаевтың аты берілді
- Сенат Қазақстанда қос азаматтыққа шектеу қоятын құжатты қабылдады
Сол себепті министрлік алдағы уақытта жаңа тұжырымдаманы қолға алмақшы екенін жеткізді. Заңдар, сондай-ақ әлеуметтік құқықтар, жәрдемақылар, зейнетақылар туралы барлық ақпарат әлеуметтік желілер арқылы түсінікті тілде жазылатын болады.
"Біз ақпаратты, қысқа бейнероликтерді ұсынудың графикалық форматын әзірлеу үшін жаңа технологияларды дамытуға ұмтыламыз", - деп қосты Мусин.
Қанат Мусин сондай-ақ құқықтық сауаттылықты бала кезінен үйрету қажет деп санайтынын атап өтті.