Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан халқына" қоры: Болат Жәмішев 196 миллиард теңгені кімдер аударғанын жариялады

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма басшысы Болат Жәмішев екі жылда 90 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен брифингте Болат Жәмішев қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жұмысы туралы баяндады. Жәмішевтің сөзінше, қор бағдарламалары еліміздің барлық 20 өңірінде іске асырылады және ауылдық елді-мекендер мен шағын қалаларға айрықша назар аударылады.

“2022 жылы біз қайырымдылық бойынша үлкен ұлттық конференция өткіздік. 43 Zoom конференциясына 1173 үкіметтік емес ұйым қатысты. Олар қордың жұмысы үшін қандай бағыттар ең өзекті екенін айқындады. Қор өзінің қызмет ету мерзімінде жалпы сомасы 177 миллиард теңгеге іске асыруға жоспарланған 67 қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы болды", - деді Болат Бидахметұлы.

Болат Жәмішевтің айтуынша, қазір қор 177 миллиард теңге көлемде қайырымдылық жобаларын іске асырумен айналысып жатыр.

"Қорға 196 миллиард теңге түсті. Оның ішінде 2 жылда қор 90,9 миллиард теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінде шығын – 90 миллиард теңге. Бірақ іске асыратын жобалардың барлығына 177 миллиард теңге жұмсалады", - деді ол.

Қордың басқарма басшысы қайырымдылық жасайтындар кімдер, қаржыны кімдер аударады деген сұраққа да жауап берді. 

“196 миллиард теңгенің 131 миллиардын 660 компания (ЖШС, АҚ, қорлар) аударды. Негізгі сома Қазақстан кәсіпорындарынан түсті. "Самұрық-Қазынадан" 20 миллиард теңге. Есепте түсімдердің барлық сомасы көрсетіледі. 39 миллиард жеке тұлғалардан келіп түсті. Халық аздап жіберіп жатады. Күні бұрын 500 миллион теңге үш компаниядан түсті. Олардың негізгі қызмет түрі – құрылыс. Атын жарнамаламауды өтінді. Балалар мен жастар үшін протез жасау жобасын іске асыруға бағыттап отыр. Астана әуежайында чемодандарды ораумен айналысатын компания қызметкерлері ай сайын 500 мың теңгеден аударып отырады. Сонымен қатар ұлттық лотерея операторы 2023 жылы қорға 4,9 миллиард теңге жіберді", - деді Жәмішев.


 
 

Талқылау