Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы cайлаған мәжіліс депутаттары белгілі болды

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс беру аяқталды. ҚХА атынан барлық тоғыз кандидат Мәжіліс депутаттары болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық тоғыз үміткері мәжіліс депутаттары болып сайланды:

  • Сауытбек Абдрахманов - VI сайланған Қазақстан мәжілісінің депутаты;
  • Аветик Амирханян - "Масис" Батыс Қазақстан облыстық армян этномәдени бірлестігінің төрағасы";
  • Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы, Сартөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Дементева - Көкшетау білім бөлімінің "Техникалық лицей" КММ директоры;
  • Юрий Ли - "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы;
  • Вакиль Нәбиев - "Барбанг" күрдтері қауымдастығының вице-президенті";
  • Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы";
  • Владимир Тохтасунов - "ЖетісуОблГаз" ЖШС Бас директоры";
  • Әбілфас Хамедов - "Әзірбайжандар қауымдастығы" РҚБ төрағасы.

Мәжілістің 98 депутатын сайлаудың алдын ала қорытындысын ОСК сағат 15.00-де жариялайды.

Мәжіліс депутаты кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов - 298, Аветик Амирханян - 270, Ильяс Буларов - 274, Наталья Дементьева - 292, Юрий Ли - 282, Вакиль Набиев - 285, Шамиль Осин - 271, Владимир Тохтасунов - 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.

Айта кетейік, мәжілісте 107 депутат болады. Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша жасырын дауыс беру арқылы (яғни сайлау нәтижесінде) жүзеге асырылады. Кандидаттардың қайсысы парламентке енетіні туралы мәселені дауыс беру қорытындылары шығарылып, партиялық тізім алған мандаттар саны анықталғаннан кейін партияның басшы органы шешеді. 

Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Талқылау