Қазақстанның ЕАЭО-дан шығатыны туралы ақпарат пайда болды: Оған министрлік жауап берді
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан шықпақ. Мессенджерлерде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz сайтында хабарланды.
"Telegram-да Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы бастама еткендігі жайлы ақпарат таратылуда. Бұған "Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер" себеп болған екен. Бұл өтірік", - делінген хабарламада.
ҚР сауда және интеграция министрлігі де ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазақстанның жоспары" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Жалған ақпаратты таратқан автор өзінің дереккөздеріне сүйенгенін айтқан. Мұның өзі ақпараттың фейк екенін растайды. Оның қайдан шыққанын анықтау мүмкін емес.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Армения кіреді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған