Қазақстанға ең қуатты суперкомпьютер әкелінді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютердің елге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суперкомпьютердің өнімділігі шамамен 2 экзафлопс деңгейінде.
"Бұл аймақ тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде салынған", – делінген хабарламада.
Суперкомпьютерді іске қосу және орнату Tier III сенімділік деңгейіндегі жаңа дата-орталықта жүзеге асырылады. Бұл жүйенің үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Суперкомпьютердің қуаты түрлі салаларда қолданылады:
- денсаулық сақтау;
- энергетика;
- білім беру;
- мемлекеттік қызметтер.
Ең маңыздысы, суперкомпьютер ресурстары баршаға қолжетімді болады.
"Нейрожелілерді оқыту үшін есептеу қуатын қажет ететін стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін университеттер, сондай-ақ бизнес-процестерге жасанды интеллектті енгізіп жатқан ғылыми орталықтар мен компаниялар осы ресурстарды пайдалана алады", – делінген министрлік хабарламасында.
Елімізде ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салына ма –Министрлік жауап берді
Қазақстанда бір аптадан кейін смартфондар бұғатталады – Қалай жағдайдың алдын алу керек
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді пайдалануына тыйым салынатынын жаздық. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық даму министрі мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді қызметтік мақсатта пайдалануға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған. Бұл – деректердің сыртқа шығу қаупінің алдын алу үшін қабылданған шешім. ChatGPT-ге балама ретінде мемлекеттік қызметкерлерге Назарбаев университетінің базасында әзірленген қазақстандық жасанды интеллект ұсынылды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін