Қазақстан елшілігі Ресейге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
Ресейдегі Қазақстан елшілігі Ресейге визасыз режимде кіретін шетелдіктердің уақытша болуының рұқсат етілген мерзімін өзгеретінін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен
Елшіліктің деректеріне сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей федерациясына кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.
“Шетелдіктердің Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнге дейін қысқартылды (бұрын олардың Ресей аумағында болу уақыты 180 күн ішінде 90 күннен аспауы тиіс еді)”, – делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының аумағында оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар жылына 90 күннен астам уақыт бола алады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған