"Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы анықталды (видео)
4 айға жалғасқан "Қазақстан дауысы" жобасы өз мәресіне жетті. Байқауда 18 жастағы Құралай Мейрамбек бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құралай Мейрамбек Қызылорда облысының тумасы. Болашақ арт-менеджмент маманы. "Көрмей тыңдау" кезеңінде "Қорқыт-қобыз" әнін орындап, көпшіліктің есінде қалған болатын. Өнерпаздың аталған кезеңде көрсеткен өнерінің видеосы YouTube-та 1 197 000 қаралым жинап үлгерді.
Құралай ақтық сында Бейбіт Оралұлының әні мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған "Толғау" шығармасын орындады. Сондай-ақ, тәлімгері Сәкен Майғазиевпен бірге "Арман-ау" халық әнін шырқады.
Финалда жеңімпазды көрермендер дауыс беріп, анықтады. Құралай 40 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені иеленді.
Жобада ерекше стилімен және өнерімен көзге түскен Ерік Төленов (Alem-нің тобы) екінші орын алды. Ал Майра Мұхамедқызының шәкірті Ернар Амандық үшінші орынға, Маржан Арапбаеваның командасындағы әнші Аружан Айдарбек төртінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, биыл "Қазақстан дауысы" атануға 6 мыңға жуық әнші өтініш білдірді. Жобаға Қытай, Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан елінен келген әншілер қатысты.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?