Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзім сияқты пысық қыз екен: Дана Кентай "сылақшы қыз" Гүлмайданмен бірге ән айтпақ

Дана Кентай “Сылақшы қыз” атымен танылған әнші қызбен бірге ән айту жоспары туралы айтты. Әнші жерлесін тауып, оған қолдау көрсетті. 

“Жаным-ау, кеше сылақшы қыз атымен танылған әнші Гүлмайданды көріп, өнеріне тәнті болдық. Өзім сияқты Сыр елі, жыр елінің қызы екен. Бұдан былай сылақшы емес “СЫР СҰЛУЫ” деп атасаңыздар болады. Аяқ асты танысып, сөйлесіп, тіл табыса кеттік. Менің “Ұмыттың қалай” әнімді кафеде ән айтып, жұмыс істеп жүргенде талай орындадым дейді. Өзім сияқты пысық. Екеумізден коллаборация күтесіздер ме?🤩Алғашқысы стористе. Гүлмайданға тек сәтілік тілеп қояйық. Жолы әрдайым ашық болсын”, – деп жазды Дана Кента парақшасында.

Желі қолданушылары қолдау көрсетіп, өз ойын жазып жатыр.

“Дана қыз, жарайсың, даусың ғана емес, өзің де кереметсің”, “Сыр елінің қыздары өте сұлу ғой. Сыр елінің қыздары тек алға!”, “Бәрекелді, жарайсыңдар, қазақтың қыздары. Өнердің биігінен көріне беріңіздер”, “Жерлестерім жасай беріңдер, бақытты болыңдар”, “Ұқсайды екенсіңдер”, “Дана қыз әрқашан да даналығын танытып жүреді. Жұлдыз ауруымен ауырмағандарды ғана Жұлдыз деймін. Әйтпесе кей әнші қыздарымыздың жұлдыз ауруы боп кеткен ғой”, деп жазды. 

Айта кетейік, құрылыста жүріп ән салған Дананың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен еді. Кейіннен продюсер Жан Мұқановтың Данаға ән жазып бергені белгілі болды. Сондай-ақ әнші Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында өмірі мен өнері, 2 күнде қалай жұлдызға айналғаны жөнінде айтып берді. Көп уақыт өтпей, Гүлмайданның Аsia's Got Talent халықаралық байқауына қатысатыны белгілі болды.


Талқылау