Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуім орыс жігіті еді: Бір күнде жұлдыз болған сылақшы қыз жеке өмірі туралы айтты

Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай алғаш рет жеке өмірі туралы айтты. Әнші қыз өзге ұлт өкілінің жары болған. Алайда бес жылдан соң екі жаққа кеткенін айтады. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Қызылордалық қыз Гүлмайдан Серікбай жеке өміріне тоқталды. Әнші қыз бір баланың анасы. Өзге ұлт өкілінің етегінен ұстаған қазақ қызы дәм-тұзымыз жараспай күйеуіммен екі жаққа кеттік дейді. 

“Менің жолдасым орыс ұлтының өкілі еді. Екеуміздің некемізді сынға алғандар, басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықтың деп айыптайтындар көп. Екеуміз сүйіп қосылдық. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Кейіннен мінезіміз жараспай кеттік. Еш ұрыс-керіссіз екі жаққа кеттік. Арамызда бір бала бар. Жасы төртте”, – деді Гүлмайдан. 

Әнші қыз 21 жасында тұрмыс құрып, 23 жасында ана атанған. Қазір ұлымен бірге.


Жұрт танымастай құлпырған қызылордалық сылақшы қыз сахнаға шығып, өнер көрсетті


“Жолдасыммен ажырасқан соң Алматыға келдім. Қара жұмыстар істей бастадым. Құрылысқа араластым. Үй жинадым. Автобуста кондуктор болдым. Тауық сойып, оны тазаладым. Егістік басындағы жұмыстарды істедім. Қара жұмыстан қашпаймын. Жұмыстан арланбаймын. Істей беремін”, – деді әнші. 

Гүлмайданның жолдасынан бөлек кеткелі 3 жыл болды. Бұл аралықтан ұлының қасында өзі ғана. Өзін ойда-жоқта желіде танылып кетем деп ойламадым дейді.

“Мен бұлайша танылып кетемін деп ойлаған жоқпын. Өзім де таңғалып қалдым. Дәл бұлай ән айтып кетемін деп ойламаппын”, –деді Серікбай. 

Айта кетейік, құрылыста жүріп ән салған Дананың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен еді. Кейіннен продюсер Жан Мұқановтың Данаға ән жазып бергені белгілі болды. Сондай-ақ әнші Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында өмірі мен өнері, 2 күнде қалай жұлдызға айналғаны жөнінде айтып берді. Көп уақыт өтпей, Гүлмайданның Аsia's Got Talent халықаралық байқауына қатысатыны белгілі болды.

Талқылау