Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионы Мерей Ақшаловты маңызды қызметке сайлады
Қазақстандық атақты боксшы Мерей Төлегенұлы бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
“Қазақстан бокс федерациясының президенті бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ Бас хатшысы болып тағайындалды.
Мерей Ақшалов – 36 жаста, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері”, – деп федерация Instagram желісіндегі өз парақшасына жазды.
Айта кетейік, 2008 жылы Ақшалов Бейжің олимпиадасында Қазақстан намысын қорғады. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында және Амманда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Мерей Ақшалов – кәсіби боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың ағасы.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

