Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Беларуське мұнай тасымалдайтын болды

Қазақстан Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мұнай

Тиісті келісімшартқа энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Беларусь сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Гурьянов қол қойды.

"Елдер арасындағы жемісті өзара іс-қимылды және Еуразиялық экономикалық интеграция жолымен ілгерілеуді жалғастыру үшін бүгін Мұнай саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үкіметаралық келісіміне қол қойылды", - делінген министрлік хабарламасында.

Келісімде Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу шарттары айқындалған.

Тараптардың ынтымақтастығы өзара мүдделерді қорғауға негізделеді.

Келісімге қол қойылғаннан кейін тараптар Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін ескере отырып, қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерінің Беларусь Республикасына жеткізілімдерінің әлеуетті көлемін талқылауға кіріседі.

Талқылау