Қазақстан азаматы "Чат рулеткадағы" әңгімесінен кейін 3,5 жылға сотталды
Қазақстан азаматы "Чат рулетка" платформасында ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ru.freepik.com
Бас прокуратураның мәліметінше Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасымен ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесі ұйымдастырылды.
“Аудан тұрғыны осы жылдың жазында маскүйінде бола тұра, әртүрлі елдердің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған "Чат рулетка" қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған. Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздықпен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады”, – делінген хабарламада.
Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді. Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.