Қазақстан әйелдер жұптық сайысының бірінші ракеткасы Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметі
Қазақстандық теннисші Анна Данилина, сербиялық Александра Круничпен жұптасып, 2025 жылғы Франция ашық чемпионатының әйелдер жұптық разрядының ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үшінші кезеңде олар қытайлық-тайвандық Цзян Синьюй мен У Фансянь жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Ширек финалда Данилина мен Крунич турнирдің бірінші номерлі жұбы — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі.
Айта кетейік, алғашқы кезеңде Қазақстан мен Сербиядан құралған жұп Польша-Америка жұбы — Магда Линетт пен Бернарда Пераны 6:7, 6:4, 6:1 есебімен жеңген еді.
Бұл Данилина үшін Ролан Гарроста мансабындағы ең үздік нәтижелерінің бірі болып табылады. Ширек финалға шығуы оның WTA жұптық рейтингіндегі орнын нығайта түседі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

