Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып алмайтын болды

Қазақстан AstraZeneca коронавирусына қарсы вакцина төңірегінде жүргізілген келіссөздерді тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы "СК-Фармация" кеңесінің төрағасы Ерхат Искалиев мәлімдеді. 

"Барлығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, AstraZeneca бойынша келіссөздер тоқтатылды. Келіссөздердің тоқтауының басты себебі – вакцинаның айналасында негативтің көп болуы. Pfizer бойынша келіссөздер жүріп жатыр, бірақ жеткізу кестесі жоқ, сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылып жатыр", – деп жауап берді Есқалиев.

Оның айтуынша, AstraZeneca вакциналарының айналасындағы жанжал Pfizer вакциналарына сұраныстың артуына алып келді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың көктемінде бірнеше еуропалық елдер AstraZeneca вакциналарын импорттаудан бас тартты, ал бұл препарат шығарылатын Ұлыбританияда 30 жасқа дейінгі адамдарға AstraZeneca вакцинасын алмау ұсынылды.

Талқылау