Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Алтын Орда тарихын жаңғырту үшін Ватикан мұрағатын зерттеуге келісім жасады

ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ватикан апостолдық мұрағаты және кітапханасымен ниет хатқа қол қойды. Енді еліміздің ғалымдары Алтын орда тарихын жаңғыртуға атсалыспақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан түркі әлемі мен Еуропаның қарым-қатынасы туралы бұрын жарияланбаған латын, ерте герман және скандинав тілдеріндегі дереккөздерді іздестіруді, сондай-ақ Алтын орда туралы тарихтың шынайы тұстарын жаңғырту үшін мұрағат материалдарын зерттеуді көздеп отыр. 

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ватиканда ресми сапармен жүр. Сапарының бірінші күні Рим Папасы Францискпен кездескен болатын.



Екінші күні ол қасиетті тақтың сыртқы істер министрі архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесті.

Келіссөздер барысында сыртқы саясат ведомствосының басшылары Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

Екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту және ынтымақтастықты тереңдету аясында "University Medical Center" корпоративтік қоры мен Bambino Gesu педиатриялық ауруханасы арасында да ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Талқылау