Сирия бойынша келіссөздердің жаңа раунды Нұр-Сұлтанда өтеді
Сыртқы істер министрігі Сирия бойынша келіссөздердің 18-раундын Нұр-Сұлтанда өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сирия бойынша келіссөздердің 18-раунды Нұр-Сұлтанда 14-16 маусым аралығында өтеді. Біз барлық кепілгер мемлекеттерге және өзге де қатысушыларға шақырту жолдадық. Барлық тараптың құптауын күтіп отырмыз", –деді Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана алаңын Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздер өткізу үшін Астана алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді. 2017 жылдың қаңтары мен қазан айы аралығында елордад 7 халықаралық кездесу өткен.
Астана процесі Женева процесін толықтырады, екеуі де Сириядағы жанжалды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды